Орталық туралы

Сenter of Excellence (СЕ)  қызметі креативті және дәстүрлі индустриялардағы адамдар мен ұйымдардың әлеуетін ашуға бағытталған бірегей шығармашылық қауымдастық болып табылады.

СЕ  инновациялық ойлау мен көшбасшылықтың дамуына, бизнес-процестерді түсіну және басқаруда қазіргі заманғы көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді

СЕ жеке бизнесті ашудың қазіргі технологияларын меңгеру, инновациялық өнімдерді жасау және оларды нарықта жылжыту қабілеттерін дамыту үшін кәсіби білімді ұсынады.

СЕ тарихы

СЕ тарихы он жыл мерзімді құрайды. Ол 2007 жылы, «Business Management» ЖШС-н құруынан басталды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі В №0282346 №28375- 1901- ЖШС 04.09.2007ж).  2017 жылы «Business Management» ЖШС-де қайта құру және ребрендинг  жүзеге асырылды,  оның нәтижесінде Сenter of Excellence өз жұмысын бастады.

СЕ миссиясы

Біздің миссия  -  қоғамға арналған жаңа өнімдер мен қызметтерді жасайтын, еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие, креативті мамандарды дайындау.

СЕ  экономиканың әртүрлі салаларындағы инновациялық бизнесті ашатын қазіргі заманғы көшбасшыларының кәсіби дамуына ықпал етеді.

СЕ Қызметінің басымдықтары:

•     Тәжірибелік-бағытталған оқыту әдістері;

•     Бизнесті басқарудағы инновациялық көзқарастары;

•     Ең үздік халықаралық тәжірибе;

•     Кәсіптік білім берудегі шығармашылық бірлестігі;

•     Білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға арналған білім беру ортасы;

•     Кәсіпкерлік ахуал.

СЕ Командасы экономика, білім беру және ғылымның әртүрлі салаларындағы, өндіріс  технологиясы саласындағы қазіргі заманғы білімі және кең халықаралық тәжірибе мен бизнесті дамыту мәселелері бойынша креативтік пайымдауы бар білікті мамандардан тұрады.

 

СЕ Бас директоры – Айжан Заукімбек

Экономика және бизнес саласындағы магистр. Бизнес-құрылымдарда әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, оның ішінде басшы ретінде. Бизнесті басқарудың заманауи технологияларын меңгерген, персонал, клиенттер және серіктестермен өзара іс-қимыл ұйымдастыру тәжірибесі бар. 

А. Заукімбектің тікелей қатысуымен Еуропалық Одақ қаржыландыратын бірнеше халықаралық жобалар, соның ішінде білім беру саласындағы, іске асырылды.